Сербияда аммиак тиелген вагондар аударылды

Сербияда аммиак тиеген жүк поезды апатқа ұшырап, бірнеше вагон аударылып қалды.

Салдарынан улы газ жылыстап, 51 адам жапа шекті. Төтенше жағдай Пирот қаласына жақын жерде болды. Бірақ оның себептері әлі белгісіз. Оқиғадан кейін шаһарда төтенше жағдай жарияланды. Апатқа жақын жердегі мекендердің тұрғындарына үйлерінен шықпауға кеңес берілген. Улы газдың тарауынан тас жолдың бірінде көру мүмкіндігі төмендеп, бірнеше көлік соқтығысып қалған.

Владан Васич, Пирот қаласының мэрі:

- Қолда бар мәлімет бойынша пойыздағы 21 цистернаның 20-сында амииак болған. Апаттан бір-екі вагон жолдан шығып кеткен. Улы газдың жылыстауынан және түтін тұрғандықтан пойызға жақындау қиынға соғып тұр. Сондықтан жел тұрып, оның сейілуін күтіп отырмыз.