Канадада автобус апатынан төрт адам қаза тапты

Канаданың батысында да жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты.

Тағы 53 кісі түрлі жарақат алды. Оқиғаға қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін. Жаңбырлы қардан жол тайғанақ болып, автобус трассадан шығып кетсе керек. Канаданың көп аумағында қар жауып, боран соғып тұр. Британиялық Колумбия провинциясында әуе рейстері кейінге шегеріліп жатыр. Онтариода мыңдаған тұрғын электр желісінен ажырап қалған.