Сербия электр және табиғи газ тарифтерін көтереді

Сербия электр және табиғи газ тарифтерін көтереді. Шара Халықаралық валюта қорымен келісім шеңберінде қабылданды.

Жарық бағасы 26, ал жанармай 30% қымбаттайды.

Естеріңізге сала кетейін, Белград Халықаралық Валюта Қорынан ел тарихында алғаш рет несие алмақшы. Оның сомасы 2,4 млрд еуроны құрайды. Сербия бұл үшін экономикалық және қаржылық реформаларды жүзеге асыруға міндетті. Олардың көпшілігі энергетикалық сектормен байланысты. Баға өсімі осы энергетикалық компаниялардың шығындарын азайту үшін қажет.

Электр энергиясы Оңтүстік Кореяда да қымбаттайды. «Бұл шешім энергия тапшылығын, газ бен метро шығындарын өтеу үшін қажет», - дейді сарапшылар. Тарифтердің қанша пайызға өсетіні белгісіз. Дегенмен, базалық мөлшерлеме шамамен 50 вонға өседі деп күтілуде. Бұл биылғы бағамен салыстырғанда 3 есе көп.