Ауғанстанда үкіметтік емес ұйымдар жұмысын тоқтатты

Төрт ірі гуманитарлық ұйым Ауғанстандағы қызметін тоқтатты.

180-нен астам үкіметтік емес ұйымдар да бұл елдегі кеңселерін жауып, кетіп жатыр. Тәліптер әйелдерге жұмыс істеуге тыйым салған соң халықаралық ұйымдар елден ат-тонын ала қашты. Экономика министрлігі әйелдер жұмыс орнында хиджаб кию ережесін бұзды деп, оларды қызметтен толық шеттетті. Өткен аптаның басында қыздарға университетте оқуға тыйым салғанын еске саламыз. Ол кезде де "киім кию ережесі бұзылды" делінген. Алайда, тәліптердің қайтар түрі жоқ. Кабулде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, көшелерде бақылау-өткізу пункттері ашылды. Бронетехника, құқықтық тәртіп күштерінің қарулы өкілдері көбейді. Ал Халықаралық агенттіктер азық-түлік және экономикалық дағдарыс жағдайында мұндай келіспеушіліктер ауған экономикасына тек кері әсерін тигізеді дейді.