loader


Кореяның сотталған экс-президенті рақымшылыққа ілікті

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ли Мен Бакқа рақымшылық жасалды.

Саясаткер екі рет сотталған еді. 2020 жылы ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұрынғы президент Ли Мен Бак рақымшылыққа ілікті. Онымен бірге 1372 адам босатылады. Бұл елдің белгілі саясаткерлері мен қоғам қайраткерлері. Кореяда амнистия бір жылда екі рет жарияланады. 15 тамыз - елді азат ету мерекесі кезінде және жаңа жыл қарсаңында. Бұрынғы мемлекет басшысы Ли бір жыл бұрын Мун Чжэ Ин Президенті лауазымның соңғы күндерінде босатылуы мүмкін еді. Бірақ ол тек бұрынғы мемлекет басшысы Пак Кын Хені босатып жіберді. Елдің қазіргі көшбасшысы Юн Сок Ёль Ли Мен Бак пен бір партияның мүшесі. Сол себептен шығар Юн 17 жылға сотталған Лиді кешірді.

Хан Дон Хун, Оңтүстік Кореяның әділет министрі:

-Кең ұлттық бірлік тұрғысынан, жасына байланысты денсаулығының нашарлауына байланысты бұрынғы президент Ли Мён Бакқа ерекше рақымшылық жасалды. Осы ерекше жаңа жылдық рақымшылық арқылы үкімет Корея Республикасының дамуы үшін барлығына күш біріктіру мүмкіндігін беру үшін қоғамымыздағы қарама-қайшылықтар мен қақтығыстарды шешуге тырысты.

Владислав Цой, тілші:

-Естеріңізге сала кетейін, экс-президент 2020 жылдың ақпан айында 17 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Лиге автокөлік бөлшектерін шығаратын компанияның ақшасын жымқырды және Самсунг электроникс компаниясынан пара алды деп айып тағылды. Ол 11 миллион доллар айыппұл мен 5 миллион доллар берешегін төлеуге мәжбүр болды. Түрмеден денсаулығының нашарлауына байланысты бірнеше рет ауруханаға жеткізілді. Қант диабетімен, бронхитпен ауырған. Ағымдағы жылдың маусым айында 81-жастағы Ли Мён Бак өлім жазасын тоқтатуға өтініш білдірді. Ли 2008 жылдан 2013 жылға дейін президент болды. Ол елді басқарған кезде Қазақстан-Корея қарым-қатынасы өте жоғары деңгейде болды. Ли Қазақстанға 2009, 2011 және 2012 жылдары бірнеше рет келген.

Владислав Цой, Ольга Лян

Сондай-ақ...