loader


Прагада Рождество мерекесіне орай жүзуден жарыс болды

Чехия астанасы Прагада Рождество мерекесіне орай Влта-ва өзенінде, жүзуден дәстүрлі жарыс болды. 

Шара биыл осымен 76-шы рет өткізіліп отыр. Оған 350-ден аса адам қатысты. Англия, Польша, Бельгия, АҚШ сияқты әлемнің өзге елдерінен келіп, бақ сынғандар да көп. Сайысқа қатысушылар 100, 300 және 750 метрге жүзіп жарысты. Алыс қашықтықта 28 жастағы Ленка Штер-бова есімді жергілікті кәсіпқой спортшы жеңіске жетті. Бұл дода Чехияда қыстық спорт түрлерінің кеңінен таралуына үлес қосқан Аль-фред Нико-дем есімді зергердің құрметіне ұйымдастырылды.

Ленка Штербова, жеңімпаз:

- Өзеннің ағысы жылдам болып бастапқыда алғашқы белгіге жеткенше жүзу біраз қиындық туғызды. Ал екінші айналым жеңіл өтті. Мұндай қиындық болған  жоқ. 

Сондай-ақ...