2022 жылғы әлемді сілкіндірген оқиғалар

Биыл да жер-жаһанда адамзатты алаңдатқан төтенше оқиғалар жиі болды.

Сілкінген жер, аптап ыстық пен сақылдаған сары аязға тап болған аймақ, өртенген алқап, құлаған ұшақ пен лаңкестердің лаңы туралы көптеген жаңалық жарияланды. Өтіп бара жатқан жыл жеңіл болған жоқ. Дүйім дүниенің дегбірін қашырған оқиғаларға шолу жасауды жөн көрдік.

21 наурыз. Сағат 14:38. Қытайдың таулы ауданында ішкі рейсті орындаушы Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақта болған 132 адамның бәрі опат болды.123-і жолаушы, 9-ы экипаж мүшесі. Құтқарушылар күл-талқаны шыққан қиындыларын қолмен жинады. Қытай Шығыс әуекомпаниялары желісіне тиесілі ұшақтың не себепті істен шыққаны әлі күнге айтылған жоқ.

Еуропа елдерінде өрттен мыңдаған адам қаза тапты   

Ал мамыр айында Сенегал жұрты қара жамылды. Перзентханада өрт шығып, 11 шақалақтың өмірін жалмады. Қызыл жалын ешкімді аяған жоқ: еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жазмыштан құтыла алмады.

Шіліңгір шілденің ыстығында Еуропа жұрты әуре-сарсаңға түсті: ауаның жоғары қысымы мен өрттен 15 мың адам қаза тапты! Германия мен Испания – ең қатты зардап шеккен ел. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы өткен жазды «рекордтық ең ыстық» деді. Сынап бағанасы 45 градус жеткен. Аптап ыстықтан Испания мен Португалияның 90 пайыз аумағында құрғақшылық орнады.

Лаңкестер лаңы

Ауғанстан, Сомали, Нигерия – терроризм актісі ең көп тіркелетін елдердің үштігі. Сомали астанасы Могадишода қазан айында қатарынан екі рет жарылыс тіркелді. Салдарынан 100-ден астам адам қаза тапты. Сомали билігі бұл үшін «Әл-Каиданы» айыптады. 

Сеулдегі қайғылы оқиға   

Талайлардың тағдырын мезгілінен бұрын қиған төтенше жағдайдің бірі – Сеулде болды. Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 158 адамның ажал құшты. Марқұмдардың қатарында отандасымыз бар. Қазанның 29-да болған қайғылы оқиғадан соң Оңтүстік Корея билігі елде бір апта Ұлттық қаралы күн жариялады. Сол кеште 100 мыңнан астам адам жиналған орында 137 ғана полиция жұмыс істеген. Олар халық нөпірін қадағалай алмады. Ағаттық жігергенін мойындаған жергілікті билік жұрттан жылап тұрып кешірім сұрады.

Зілзала зардабы

Апат айтып келмейді. Қарашада Индонезия халқын қайғы басты. Батыс Явада жер сілкініп, 318 адам опат болды. Зілзала аймағында құрылыс сапасыз әрі халық тығыз орналасқан. 4 жарым мыңнан астам тұрғын жарақат алып, 20 мың үй бүлінді. Жалпы биыл жер бетінде 5 млн гектар жер өртеніп, 66 миллион тұрғын құрбан болды. Осылайша Барыс жылы бұрын соңды болмаған төтенше оқиғаларымен есте қалды. Тарихқа айналды.

Сондай-ақ...