loader

Филиппинде су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Филиппинде су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Филиппинде толассыз жауын мен су тасқынынан қаза тапқандар саны артып, 30-ға жетті.

Тағы 20-дан аса тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Үйлерін су басып, баспаналарынан айырылған 45 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше,  табиғат апатынан елдің 18 аймағындағы жарты миллионға жуық тұрғын зардап шеккен. Көп ауданда электр энергиясы жүйелері істен шығып, мыңдаған адам халық жарықсыз отыр. Қазір апат аудандарында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ...