loader

Мексикадан АҚШ-қа өтуге талпынған мигрант азаймай тұр

Мексикадан АҚШ-қа өтуге талпынған мигрант азаймай тұр

Мексикадан АҚШ-қа қарай заңсыз өтуге талпынған мигранттар легі толастар емес.

Босқындарды АҚШ сотының шешімі де тоқтатар алмады. Жоғарғы сот Трамп билігі кезіндегі мигранттарға қатысты заңды күшінде қалдырған. Ол билікке, шекараны заңсыз өтіп ұсталған келімсектерді елдеріне қайтарып жіберуге мүмкіндік береді. 

БЛИЦ:

- Бұл жердегі мигранттардың көбі АҚШ-қа жету үшін үйін сатып тәуекелге бел буып келгендер. Сондықтан олар еліне оралса қалай өмір сүрмек. Өз басым қандай қиындық тумасын осы елде қалуға тырысамын. 

- Біз АҚШ аумағына кіру үшін шекарадағы қорғанды заңсыз кесіп өттік. Сондықтан бұл жерде көшеге көп шыға бермейміз. Себебі полиция ұстап елге қайтарып жіберуі мүмкін.

Сондай-ақ...