Грузияда жаңа жылдан кейін көлік қымбаттайды

Грузияда жаңа жылдан кейін көлік қымбаттайды. Сарапшылардың болжамынша, баға 10-15% дейін артады.

Өйткені темір тұлпар экспортынан түсетін табыс айтарлықтай ұлғайған. Мұнда АҚШ, Канада мен Жапониядан жаңа және пайдаланылған темір тұлпарлар жеткізіледі. Отандастарымыз биыл Грузиядан былтырмен салыстырғанда 3 есе көп көлік сатып алған.

Лаша Дарбаисели, Грузия көлік импорттаушылары қауымдастығының негізін қалаушы:

- Биыл жергілікті нарықта көлік 30-40% қымбаттады. Өндіруші елдерде, яғни АҚШ пен Канадада ДА олардың бағасы өскен. Өйткені пандемияға байланысты жаңа темір тұлпардардың өндірісі қысқарды. Бөлшектер тапшылығы туындады. Логистикалық қиындақтыр тағы бар. Сол себепті көлікті жеткізуге кететін уақыт ұзарды. Ол 4-5 айға дейін созылып кетеді. Мұның бәрі шығындардың артуына әкеп соқтырады.