«Солтүстік ағын» газ құбырларындағы жарылысты тергеу басталды

«Солтүстік ағын-1» және «Солтүстік ағын-2» газ құбырларындағы диверсияны тергеу басталды.

Тергеу амалдары жарылыстан зардап шеккен Еуроодақтың үш елінде жүргізіледі. Атап айтқанда, бұл жұмысты Дания, Швеция және Германияның құзырлы органдары бірлесіп атқармақ. Еске сала кетейік, өткен қыркүйекте Данияның Борн-хольм аралына жақын жерде бірінші «Солтүстік ағын» мен екінші «Солтүстік ағын» құбырларында жарылыс болды.

Анита Хиппер, Еурокомиссияның ресми өкілі:

- Швеция билігі бізге «Солтүстік ағындар» газ құбырларына келтірілген залал диверсияның нәтижесі екенін хабарлады. Бұл нақты дәлелденген. Бірақ тергеу Дания, Швеция және Германияда жалғасуда.