Таиланд елге келген шетелдіктерден вакцина туралы құжатты талап етеді

Таиланд елге келген шетелдіктерден вакцина туралы құжатты талап етеді

Таиландқа баратын шетелдіктер енді коронавирусқа қарсы вакцина алғандарын растайтын сертификат ұсынулары керек.

Ел билігі жуырда осындай шешім қабылдады. Ол қаңтардың тоғызынан бастап күшіне енеді. Жаңа талап бойынша әр азамат кемі екі рет вакцина алған болуы тиіс. Жергілікті денсаулық сақтау министрінің айтуынша, бұл шара Таиланд елінің шетелдік туристер соның ішінде қытайлықтар арасында кеңінен танымал болғандықтан қабылданған. Естеріңізге сала кетейін, корольдікте коронавирустық шектеулер былтыр қазанда алынып тасталған еді.