Жапонияда 10 млн-ға жуық тауықтың көзі жойылды

Жапонияда 10 млн-ға жуық тауықтың көзі жойылды

Жапонияда құс тұмауына байланысты 10 миллиондай тауықтың көзі жойылды.

Бұл елде осы кеселге байланысты құстарды қырудың рекордты көрсеткіші  болып отыр. Мәліметке қарағанда биыл құс тұмауы күншығыс елінің 47 префектурасының 23-інде тіркелген. Мысалы, Ибараки аймағында бір күнде 1 млн-ға жуық тауық бауыздалған. Мамандар індеттің өршуі жыл құстарынан болуы мүмкін деп отыр. Жапония Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлауынша, осыған ұқсас жағдай соңғы рет 2020-шы жылы тіркелген. 

Сондай-ақ...