Австарлиядағы чемпионатта коронавирус шектеулері алынды

Австралияда өтетін теннис чемпоионатында коронавируспен байланысты шектеулер толық алынды. Яғни, қатысушыларға вакцинация паспортын немесе ковид тестінің нәтижесін көрсету керек емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті коронавирус жұқтырғандар да шараға қатыса алады. Бұл турасында Австралия теннис федерациясының атқарушы директоры мәлім етті. Енді чемпоионатқа келген спортшылар да, көрермендер де коронавирус жұртырса, шараға қатыса алады. Australian Open спорттық шарасы Мельбурн қаласында қаңтардың 16-29 аралығында өтеді. Биыл ауқымды шараға кем дегенде 900 мың көрермен қатысады деп күтілуде. Қатысушылар санының күрт өсуі пандемия шектеу шараларын алып тастауымен байланысты.