Таиландта вакцинация міндетті емес

Таиланд туристерге коронавирусқа қатысты вакцинация алу міндетін алып тастады. Мұны елдің Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Бұған дейін осы сенбіде жергілікті билік ковидке байланысты шектеу шаралары қатаңдайды деген еді. Яғни, 18 жастан асқан жолаушылардың барлығы екпе паспорты немесе ПТР-тестін көрсетуге міндетті болған. Бірақ енді бұл шарт әлем елдеріндегі шектеулердің жеңілдеуімен алынған. Енді Таиландқа туристер емін-еркін келіп кете алады. Бірақ кей сарапшылар шектеулердің алынуы туризм саласын тоқыраудан сақтау үшін жасалған қадам дейді.   