loader


Антонио Гутерриш: Пәкістанға көмек керек

Пәкістанға алапат тасқыннан кейін қалыпқа келу үшін миллиардтаған доллар көмек керек. Бұл туралы БҰҰ-ның қолдауымен Швейцарияда өткен демеушілер конференциясында үкімет басшысы мәлім етті. БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің сөзінше, Пәкістанға инвестиция салу керек және елдегі инфрақұрылымды қалыпқа келтіру үшін ұзақ және қысқа мерзімді көмек 16 млдр доллар қаражат қажет.

Былтыр жазда басталған тасқын салдарынан елдің көптеген өңірлерін су басып, миллиондаған адам баспанасыз қалған еді. Соңғы деректерге сәйкес, Франция Пәкістанға 260 млн еуро бөлуді жоспарлап отыр екен.   

Сондай-ақ...