Еуропаның АҚШ-тан жанармайды импорттауы артты

Еуропаға АҚШ-тан жеткізілген жанармай және дизель отынының импорты екі жылда ең үлкен көрсеткішке жетті.

Былтыр желтоқсан айында АҚШ-тан жөнелтілетін отынның көлемі 660 мың тонна болды. Тіпті соңғы айларда шикізатты тасымалдау 70 пайызға артқан. Мұнай өнімдерін Еуропаға сондай-ақ БАӘ-нен де жеткізіп жатыр. Кувейттен тасымалданатын өнім 5 есе өскен. Осылайша еуропа, ресейден жеткізілетін отынды біртіндеп алмастырып жатыр, дейді мамандар.