АҚШ-та мейірбикелер ереуілге шықты
Нью-Йорк қаласындағы екі аурухананың мейірбикелері ереуілге шықты.
Ақ халаттылар биліктен жалақыны көтеріп, емдеу орындарындағы жұмыс жүйесін қайта қарауды талап етіп жатыр. Әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде қызметкерлер күрт азайып кетті. Қос аурухананың басшылығы жалақы көлемін алдағы үш жылда 19 пайызға өсіріп, 170 жаңа қызметкерді қабылдауға келіскен. Алайда медбикелер бұл жеткіліксіз деп отыр.
БЛИЦ:
- Қазір бізде 550 бос жұмыс орыны бар. Мен интенсивті терапия бөлімінде жұмыс істеймін. Ереже бойынша 2 науқасты бақылауым керек. Бірақ соңғы 5-6 жылда жүктеме 3-4 есе өсті.
- Ауруханалар медбикелердің еңбек жағдайын жақсартуға күш салмай отыр. Қызметкерлер жетіспейді.