Goldman Sachs компаниясы 3 мыңнан астам қызметкерді қысқартады

Goldman Sachs компаниясы 3 мыңнан астам қызметкерді қысқартады

Голдман Сакс осы аптада 3 мыңнан астам қызметкерін қысқартады.

Бұл туралы Блумберг ақпарат агенттігі хабарлады. Мұндай ауқымды қысқарту 2008 жылғы дағдарыстан кейін болмаған. Оның үштен бір бөлігі сауда және банк бөлімшелерінің қызметкерлеріне қатысты. Сарапшылардың пікірінше, мұндай қысқартулар банк қызметіне кедергі келтіруі мүмкін.