Түркия Сирияға гуманитарлық көмек береді

Түркия Сирияға гуманитарлық көмек береді

Алдағы 6 айда сириялық 4 миллион тұрғынға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілетін болды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Кеңесі ресми Анкара ұсынысын бірауыздан мақұлдады. Осыдан 12 жыл бұрын Сирияда азаматтық соғыс басталды. 2014 жылдың шілдесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі трансшекаралық гуманитарлық көмек беру туралы шешімге келді. Ұйымның болжамынша, биыл шамамен 15 миллион тұрғын гуманитарлық көмекке мұқтаж болады. Бұл ел аумағында қақтығыстар басталғаннан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.