Германияда соңғы шектеулер алынады
Германия коронавирусқа қарсы соңғы шектеулерді алып тастауды жоспарлап отыр. Келесі айдан бастап алыс сапарға жүретін пойыздар мен автобустарда бетперде тағып жүру тәртібі жойылмақ. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді.
Карл Лаутербахтың айтуынша, қазір Германияда науқастар саны азайып, жағдай тұрақталған. Сарапшылар «бұл - халықты дертке қарсы жаппай вакциналаудың нәтижесі. Осының арқасында елде ұжымдық иммунитет қалыптасты», - дейді. Сондықтан биылғы қыста індеттің қайта өршуі болмауы керек деп отыр.