Португалияда мұғалімдер ереуілге шықты

Португалияда 10 мыңға жуық мұғалім мен мектеп қызметкері ереуілге шықты.

Олар жалақыны көтеруді талап етіп, Лиссабон көшелерімен жүріп өтті.

Білім беру қызметкерлерінің Одағы ұйымдастырған бейбіт демонстрация кезінде наразылық білдіруші жұрт Білім министрі отставкаға кетсін деп ұрандатты. Ұстаздардың еңбекақысы ешқашан 2 мың еуродан аспаған. Ал бұл өмір сүруге жетпейді, дейді олар.  Португалияда мұғалімдер желтоқсан айының басында да наразылыққа шыққан. Білім министрі жалақыны қысқарту арқылы ереуілге шыққандарды жұмысқа қайта оралуға мәжбүр ететінін ескертті.

Мария Дуарте, тарих пәнінің ұстазы:

- Біз өмір бойы еңбек еттік. Үкіметке үзбей салық төледік. Кісінің ала жібін аттаған жоқпыз. Сондықтан әділдікті талап етуге құқымыз бар!