Калифорнияда 23 000 тұрғын электр қуатынсыз қалды

Калифорния штатында тұрғындар 3-ші рет шайып өткен су тасқынының залалымен күресуде.

Олар үйлерін балшықтан тазалап жатыр. Апат салдарынан 23 мыңға жуық тұрғын электр қуатынсыз қалды. Сондай-ақ, Салинас өзеніне жақын маңды мекендеген 24 мың адам эвакуацияланды. Табиғи өзгерістерден ауылшаруашылық орталық алқабында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері екі есе аз жауды, дейді мамандар. Ал тауларда 4,5 метрге дейін қар жауған.

Кейтлин Клэнси, тұрғын:

- Бірінші рет су тасығанда, біз үйде болған жоқпыз. Жаңа жыл тойлау үшін отбасымызбен Лос-Анджелесте едік. Апаттан кейін үйді тазалау оңай болған жоқ. Алысып жатқанда, араға 6 күн салып, екінші рет су шайды. Содан, пешіміздің талқаны шықты. Ал кеше үшінші рет су тасқыны болғанда, біз таза жеңілдік. Енді, не боларын білмейміз.

6 округте тж жарияланды

Ал Алабама штатында торнадо ондаған мың тұрғынның өміріне қауіп төндірді. Штат губернаторы дауылдан ең көп зардап шеккен 6 округте төтенше жағдай жариялады. Бұл аймақта да электр қуаты сөніп қалды.