Украинаның Днепр қаласында 3 күндік аза тұту жарияланды

9 қабатты тұрғын үйге зымыранның шабуылынан кемі 20 адам қаза тапты. 73 адам жарақат алды. Оның қатарында балалар да бар, деп жазады ВВС.

Үйінділердің астынан адамдарды іздеу жалғасып жатыр. Зымыран әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің жұмысы нәтижесінде пайда болды деген нұсқамен ресми Киев келісуден бас тартты. Ал Ресей Қорғаныс министрлігі әлі ешқандай жауап қатқан жоқ.