Швейцарияның Давос қаласында жаһандық форумға дайындық басталды

Дүниежүзілік экономикалық форум 16-21 қаңтар аралығында өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған биыл бизнес пен биліктегі көшбасшылардың басым бөлігі қатысады. Атап айтқанда, 52 мемлекет пен Үкімет басшысы, 56 қаржы министрі, орталық банк менеджерлері мен Сауда және Сыртқы істер министрлері келеді деп күтілуде. Шара барысында жаһандық рецессия қаупі, оны болдырмау тәсілдері, климаттың өзгеруі, энергетикалық дағдарыс мәселелері талқыға салынады. Жергілікті полициямен қатар, 5 мыңға жуық әскер күзетке келеді, - дейді Швейцария билігі.