Биыл Грузияда ауа райының кесірінен цитрус дұрыс өнген жоқ
Фермерлер: "Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп", – дейді.
Дегенмен мандарин өсіретін екі өңір - Аджария мен Гурияда өнім жинау науқаны жалғасып келеді. Үйлестіру штабы фермерлерге логистика жағынан және жемістерін өткізуге көмектесіп жатыр. Биыл экспорт мөлшері 30%-ке қысқарғанымен, грузиялық мандариндер Қазақстанға да жөнелтілді.
Былтырмен салыстырғанда цитрус өнімі 10%-ке азайды. Бүгінде 45 мыңдай тонна жеміс жиналды. Фермерлердің айтуынша, көктемде мол жауын жауса, жазда ұзақ уақыт қуаңшылық болған. Дегенмен өнім жинау науқаны әлі аяқталған жоқ.
Отар Шамугия, Грузия Қоршаған орта және ауыл шаруашылық министрі:
- Гурия мен Аджария өңірлерінде цитрус өсіру пайдалы кәсіп. Сондықтан фермерлерге өнім жинауға көмектесуге тиіспіз. Оларға жемісін тиімді өткізіп, барынша көбірек пайда табуға жәрдемдесетін штаб жұмыс істеп жатыр.
Бұрын өнім негізінен Ресей, Украина мен Арменияға экспортталатын. Биыл нарық аумағы кеңейді жеміс Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдеріне де жеткізіліп жатыр. Мемлекеттік бағдарлама аясында өнім жинауға қаржы бөлініп отыр. Фермерлерге өнімді тасымалдауға және сатуға көмек беріледі.
Торнике Рижвадзе, Аджария автономиялық республикасы үкіметінің төрағасы:
- Жемісті шығынсыз сату үшін фермерлермен жұмыла жұмыс істейміз. Өнімді жеткізудің жаңа жолдарын қарастырып жатырмыз.
Дегенмен биыл экспорт көлемі азайды. Мысалы, былтыр өзге елдерге 43 мың тонна цитрус жөнелтілсе, биыл тек 15 мың тоннаны сыртқа шығарған. Оның 80 тоннасы Қазақстанға жіберілді.
Авторы: Юлия Тужилкина