Дубайда қымбат үйлерге сұраныс жоғары болып тұр

Дубайдың жылжымайтын мүлік нарығында былтыр 67 млрд еуроға 97 мың келісімшарт жасалған. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Ол 2021 жылмен салыстырғанда 76%-ке көп. Әсіресе қымбат үйлерге деген сұраныс жоғары. Дубай – балалар үшін қолайлы жер. Медицинасы жақсы дамыған. "Оның үстіне қауіпсіз саналады", – дейді мамандар. Қызығушылық танытып жатқандардың қатарында Франция, Ұлыбритания, Швейцария мен Германия азаматтары көп. Айта кеткен жөн, бұл елдерде жылжымайтын мүлікке салынатын салық жоғары.