Грузияда газбен жүретін көлік көбейген

Грузия азаматтары автокөліктерін бензиннен газға ауыстыра бастағанына талай уақыт өтті. Алайда ақауы бар баллон кесірінен апаттар болып тұрады. Сондықтан үкімет осындай көліктердің бақылауын күшейтті.

Жүргізушілер көлігін үнемі тексеруден өткізуге міндеттелді. 

Кейінгі екі жылда Грузияда газбен жүретін автокөлік күрт артты. Статистикалық мәліметке сүйенсек, 140 мыңнан асқан. Бұл - елдегі автокөліктің 15 проценті. Газбен жүретін жүздеген автобус та бар. Иелері негізінен қаражатын үнемдеу үшін темір тұлпарларын отынның осы түрінге ауыстырған.

Аркадий Торосян, Тбилиси қаласының тұрғыны:

- 10 жыл бұрын жол апатына түсіп, газ баллоным жарылған еді. Әрине, газ қауіпті, бірақ бензиннен едәуір арзан. Сондықтан газбен жүремін. Оған қоса, қазір баллондарды мұқият тексере бастады. 

7 жыл бұрын Грузия үкіметі жүргізушілерді газ баллондарын тексеруден өткізуге міндеттеді. Көлік үш жылда бір рет техникалық бақылаудан өтуге тиіс. Елде оларды тексеретін 15 кешен бар, соның оны Тбилисиде орналасқан. Газконтроль компаниясы басшысының айтуынша, автокөліктердің шамамен 10% техникалық бақылаудан өткен жоқ.

Гела Чхеидзе, "Газконтроль" компаниясының директоры: 

- Кезекті тексеру кезінде баллонның ішін толығымен босатады. Сосын оны аппаратқа қойып, қалдық қалмас үшін жуып, ішіне сұйықтық құяды.  Сосын қысым түсіріп тексереді. Егер өтсе, иесіне сертификат беріледі.

Газдың екі артықшылығы бар, арзан әрі қоршаған ортаға зиян келтірмейді.

Авторы: Юлия Тужилкина