Илон Маск сот алдында жауап береді

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Илон Маск сот алдында жауап беретін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

2018 жылы ол Tesla коропорациясының барлық акциясын сатып алып, жабық компанияға айналдыратын жазған болатын. Осыдан кейін Tesla-ның акциялары, облигациялары мен өзге де құнды қағаздарының бағасы құбыла бастады. Корпорацияға қаражатын құйған инвесторлардың бірі Глен Литтон осы жалған мәлімдеменің кесірінен инвесторлар бірнеше млрд долларынан айырылғанын алға тартып, Маск пен Tesla компаниясына қарсы сотқа шағымданды. Ал Илон Маск сотқа тапсырған құжаттарында шынымен корпорацияны сатып алғысы келгенін және бұл істе Сауд Арабиясының мемлекеттік қоры қолдау береді деп санағанын айтқан. Судья миллиардер жалған мәлімет таратты деген үкім шығарды. Енді бұл істі алқаби қарастыратын болды.

Айта кету керек, 2018 жылы Илон Маск осы ісі бойынша АҚШ-тың құнды қағаздар және биржалар бойынша Комиссияға 20 млн доллар мөлшерінде айыппұл төлеген болатын.