Бүгін Барселонада мыңдаған адам шеруге шықты

Наразылық акциясы Испания мен Франция арасындағы саммит қарсаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұрт 2 елдегі каталониялық өңірлердің егемендік алуын қолдап, үндеу жасады.

Естеріңізде болса, 2017 жылы Каталония егемендік жөнінде референдум өткізген еді. Бірақ ресми Мадрид саяси шараны мойындаған жоқ. Конституцияның 155-бабын қолданып, автономиялық аймақта тікелей билік жүргізіп, өңір билігін таратып жіберді. Карлес Пучдемон қызметінен кетті.