loader


Калифорния штатындағы Монтерей саябағында атыс болды

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Монтерей саябағында атыс болды.

Қарулы қақтығыстың салдарынан көптеген адам зардап шекті, қаза тапқандар да бар. Бірақ нақты саны әзірге беймәлім. Анығы, белгісіз біреу Қытай елінің Жаңа жылын тойлауға арналған фестиваль қатысушыларына оқ жаудырған. Саябақта мерекеге  орай, мыңдаған адам жиналған екен. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, Монтерей саябағы Лос-Анджелес қаласы орталығынан 11 шақырым қашықтықта орналасқан.

Сондай-ақ...