Грекияда заңсыз мигранттар ұсталды

Грекияда заңсыз мигранттар ұсталды

Грекия билігі былтыр 300 мыңға жуық мигрантты елге кіргізбей қойған.

Босқындарды заңсыз тасымалдамақ болған 1,5 мың адам тұтқынға алынды. Елдің азаматтарды қорғау министрі Такис Теодорикакос осындац мәлімдеме жасады. «Грекия мен Түркия арасындағы  шекара тұтастығы сақталуы тиіс. Түркия өз кезегінде бұған баса назар  аударғаны жөн», - деді ол. Афины Анкараны заңсыз көші-қонға жағдай жасады, шекарадағы ахуалды шиеленістірді деп айыптап отыр. Ал Түркия болса гректер Еуроодаққа кіруге ұмтылған мигранттарға қатыгез және адамгершілікке жатпайтын әрекеттер жасағанын айтады.