Иранда бірнеше жарылыс болды

Иранда көлік майын жасап шығаратын зауытта өрт шығып, соңы жарылысқа ұласты.

Оқиға елдің солтүстік-батысындағы АзаршАхр қаласында болған. Шаһар елдің ірі өнеркәсіптік орталығы саналады. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ. Оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Бұдан бөлек жаһандық ақпарат құралдары,,,елдің бірнеше қаласында әскери инфрақұрылым нысандары атқыланып, жарылыс болғаны туралы хабарлайды. Бірақ шабуылдарды нақты кімнің ұйымдастырғаны беймәлім. Құрбандар туралы мәлімет жоқ.