Португалия астанасында мұғалімдер ереуіл ұйымдастырды

Шеруге 80 мың адам қатысқан. Олар жалақысын көтеріп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етеді.

Ұстаздардың мұны сұрап, наразылық акцияларын өткізіп жүргеніне 2-3 ай боп қалды. Бірақ талаптары орындалмай келеді. Португалияда мұғалімнің ең төменгі жалақысы - 1100 еуро. Бұл теңгеге шаққанда, 550 мың шамасында. Наразы топ жоғары инфляцияға байланысты айлығы шайлығына жетпейтінін айтады. 

Хосе Луис Матос, мұғалім:

- Мұндай жалақы болмайды. Бұл мұғалімнің мәртебесін төмендетеді. Білімсіз күнің жоқ деп бекер айтпайды. Кез келген өркениетті қоғамда білім билікпен тұтасуы керек қой. Бірақ бізде олай емес.