Париж ең танымал туристік бағыт болып танылды

Париждің қонақжайлылық индустриясы санитарлық дағдарыстан кейін тез қалпына келе бастады.

Қытай мен Ресейден келетін туристердің жоқтығына қарамастан, қала 34,5 миллионға жуық шет елдік қонақтарды қабылдады. Өткен жылы Париждегі қалалық мұражайларға шамамен 4,5 млн турист келген. Кейбір мұражайлар тіпті келушілер рекордын орнатты. Олардың арасында Париж қаласының бейнелеу өнері мұражайы бар. Осылайша Париж туристік бағытта топ жарды. Дегенмен елдегі энергетикалық дағдарыс пен инфляция салдарынан арзан пәтерлерді жалға алуға сұраныс артқан.Осыған қарамастан Парижге келетін туристер саны әлі де артуда.

Розаличе, Италиядан келген турист:

- Мен Парижге 4 -ші рет келдім. Осында келген сайын жаңа орындарға баруға тырысыман, әрі жақынырақ танысқым келетін адамдармен кездесемін, және өнерден ләззат аламын.

Абигейл, Ирландиядан келген турист:

- Бүгін кешке концертке барамыз. Мұнда бірнеше рет болғанымызға қарамастан, көрікті жерлерді аралау үшін уақытты үнемді пайдаланамыз.

Надия, Марсельден келген турист:

- Тіпті қыс мезгіліне қарамастан, мұнда бәрі Эйфель мұнарасын көргісі келеді. Иә, Париж әлемдегі ең әдемі қала болып қала береді.

Туристер арасында көбіне арзан пәтерлерге сұраныс жоғары. Оған елдегі энергетикалық дағдарыс пен инфляция себеп. Дегенмен бұған қарамастан Парижге келетін саяхатшылардың саны жыл сайын артып келеді. Шетелдіктер тек танымал Лувр немесе Версальға барып қана қомай, шағын мәдени ошақтарды да жиі аралайды екен. Мәселен, былтыр қалалық музейлерге келушілердің саны 4,5 млн-ға жеткен. Олардың арасында Париж қаласының бейнелеу өнері мұражайы да бар.

Авторы: Ерлан Шаншархан.

 

Сондай-ақ...