Мәскеуде «Шахмат жұлдыздары» халықаралық сайысы аяқталды

Жарысқа әлемнің ең мықты ондаған шахматшысы қатысты. Олардың арасында Александр Грищук, Раунак Садвани, Владислав Артьемев бар.

Турнирде жалпы есеп бойынша гроссмейстер Сергей Карякин жеңіске жетті. Блиц бойынша әлемнің екі дүркін чемпионы қазақстандық Бибісара Асаубаева жалпы есепте сегізінші орынды иеленді. Танымал ресейлік гроссмейстер Сергей Шипов біздің отандасымыздың болашағы зор екенін айтады. Ал комментатор еліміздің әйелдер құрамасының керемет жетістігін атап өтті.