Францияда тау шаңғы бизнесі тығырыққа тірелді
Францияның тау шаңғы бизнесі тұралап тұр. Курорттық аймақтарда жағдай қиын, себебі мұнда қар жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір кәсіпкерлер тығырықтан шығу амалдарын қарастыруда. Өйткені өңірге келетін туристер саны күрт азайған. Салдарынан ірі қонақ үйлер жабылмақ. Пиренеи курорты енді жасанды қарға үміт артады. Ал бұған экобелсенділер қарсы. Олардың сөзінше, аймақта су қоры тапшы және де жасанды қар өндіру үшін электр энергия көп жұмсалады. Фон Роме тау-шаңғы шипажайының басшысы Жак Альварестің айтуынша, шаңғы жолдарына 90% жасанды қар төсеу керек. Жаңа технологиялар бұған мүмкіндік береді. Экологтар өңірде туризм саласын дамытудың басқа жолдарын табу керек деп отыр.