Флорида штатында атыс болды
АҚШ-тың Флорида штатында атыс болып, кемінде 10 адам жараланды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Зардап шеккендердің екеуінің халі мүшкіл. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, көлікке мінген 4 адам өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерге оқ жаудырған. Зардап шеккендер – 20-35 жас аралығындағы ер азаматтар. Соңғы деректерге сүйенсек, атыс Лейкленд қаласында болған. Оқиға орнында есірткі заттары табылды. Қазір күдіктілерді іздеу жұмыстары жүргізілуде.