Үндістан тұрғындары таудағы құрылыстан тұрғындар зардап шекті
Үндістанның Гималай тауларындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардан жергілікті тұрғындар зардап шегіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Құрылыс жұмыстарынан үйлер шөгіп, бүлінген. Салдарынан жүздеген отбасы қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр. Мысалы, Джошимат мекенінде 850 ғимарат шытынап, қираған. Сарапшылар бұған құрылыс жұмыстарына дайындықтың дұрыс жүргізілмеуі себеп болды деп отыр.
Дурга Радж, жергілікті тұрғын:
- Менің 4 кішкентай балам бар. Жұмыссызбын. Мына бүлінген үйді несие алып әзер салған едім. Сондықтан басқа жерге көшіп, жаңа үй салуға шамам келмейді.