Австралияда жоғалған радиоактивті изотоп табылды

Австралияда жоғалған радиоактивті изотоп табылды

Ол өткен аптада тасымалдау кезінде жоғалған еді. Капсулада цезий-137 изотобы бар.

Оны ұстаған адам радиация алып, ауыр дертке шалдығуы мүмкін. Қауіпті зат Батыс Австралияда жоғалған. Бұл елдегі ең ірі штат. Ал капсуланың өлшемі 6-8 миллиметр шамасында. Іздестіру жұмыстарын осы жайт қиындатқан. Негізі цезий-137 тау-кен өнеркәсібінде қолданылады. Оны бұл іспен айналысатын компаниялардың бірі тасымалдаған. Енді оның өкілдері халықтан кешірім сұрап, ішкі тергеу жүргізетінін жеткізді.