АҚШ-та оқ атып, өлтіруден рекорд орнады

АҚШ-та соңғы бір айда 44 оқ ату оқиғасы тіркелді. Жыл басталмай жатып, жаппай оқу атудың ең жоғарғы көрсеткіші тіркелді, - дейді сарапшылар.

Мәселен, 30 қаңтарда Техас, Иллинойс және Алабама штаттарында атыс болып, балалар оққа ұшты. Америкада қоғамдық орында қарумен жүруге тыйым салу мәселесі соңғы жылдары қызу талқыланып жатыр. Былтыр 641, алдыңғы жылы 690 оқ ату оқиғасы тіркелген. Жергілікті БАҚ өкілдері күніне 100-ден астам адам қаза болып, 200 тұрғын жарақат алатынын айтады. Құрбандардың арасында балалар көп.