Каирде аурухана өртенді

Каирде аурухана өртенді

Мысыр астанасы Каирде аурухана өртеніп, 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 32 тұрғын жарақат алған. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Елдің денсаулық сақтау министрі Халед Әбдел Ғаффар жарақат алған науқастардың денесі күйгенін және сынғанын, сондай-ақ түтінге тұншығып қалғанын айтады. Сарапшылар Мысырда өрттен сақтану ережелерінің көп жағдайда сақталмайтынын алға тартады.

 

Сондай-ақ...