Норвегияның мемлекеттік зейнетақы қоры шығынға батты

Норвегияның мемлекеттік зейнетақы қоры 164 миллиард доллар мөлшерінде шығынға ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қор басшылығының мәлімдеуінше, бұған инфляцияның өсуі, проценттік мөлшерлемелердің көтерілуі мен Украинадағы ахуал себеп болған. Осының салдарынан акция мен облигациялар нарығы құлдырады. Энергетикадан өзге барлық саланың акциялары құнсызданды. Жалпы қордағы активтер 14%-ке арзандапты. Норвегияның мемлекеттік зейнетақы қоры әлемдегі ірі ұлттық қорлардың бірі болып есептеледі. Қор 1990 жылдан бастап әлемдегі компаниялардың құнды қағаздарын сатып алумен айналысқан. 2021 жылы активтердің құны 1 трлн 300 млрд долларға жеткен еді.