Boeing 747 ұшақтарын шығару тоқтатылды

Ұшақ өндірісі 1970 жылы басталған еді. Содан бері 1,5 мыңнан аса әуе кемесі сатылған. 600-ден аса жолаушыға арналған Боинг-747 әлемдегі ең ірі ұшақтардың бірі болды. Алайда жанармайды көп қажет ететін ұшақты соңғы жылдары сатып алудан бас тарта бастады.

Айта кеткен жөн, қазір әлемде отынды үнемдейтін әуе кемелерін шығаруға ден қойылған.