Сары теңізде әскери жаттығу өтті

АҚШ пен Оңтүстік Корея Сары теңіздің үстінде бірлескен әскери-әуе жаттығуларын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одақтастардың айтуынша, бұл іс-шара Солтүстік Корея тарапынан төнген қауіп-қатерге қарсы тұру үшін ұйымдастырылған. Сеулге келген АҚШ-тың қорғаныс министрі Ллойд Остин Оңтүстік Кореяда заманауи ұшақтар мен ядролық бомба тасығыштар сияқты жойқын қаруды көптеп орналастыратынын жеткізді. Осы өзгерістерге шамданған Пхеньян Американың кез келген арандатуына қарымта жауап қайтаратынын ескертті. Солтүстік Корея мұндай іс-шаралар Корея түбегіндегі тыныштықты бұзады деп есептейді.