Жапонияда қылмыс саны өсті

Жапонияда соңғы 20 жылда алғаш рет қылмыс саны өсті. Бұған коронавирус пандемиясына қатысты шектеулердің жеңілдеуі себеп. Бұл туралы жергілікті Киода агенттігі Ұлттық полицияға сілтеме жасап хабарлайды.

Былтыр қылмыстық істер саны 600 мыңнан асқан. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 6%-ке артық. Заңбұзушылықтардың 115 мыңы кәмелеттік жасқа толмағандарға жасалған, ал 80 мыңнан астамы – зорлық-зомбылық салдарынан болған оқиғалар. Сонымен қатар елде қаржы алаяқтар көбейген. Былтыр олардан зардап шеккендердің шығыны 281 миллион долларға жетті.  Ауыр қылмысқа жататын кісі өлтіру де 8%-ке өсті.

Айта кетейік, Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қатысты іс олардың ең ауыры болып тіркелген.