Сталинград шайқасына 80 жыл толды

Сталинград шайқасына 80 жыл толды

Ресейдің Волгоград қаласындағы көшелердің бірі "Казахская" деп аталады.

Бұл әйгілі Сталинград шайқасындағы қазақ жауынгерлерінің ерлігіне көрсетілген құрмет. Бүгін, дәл осы тарихи шайқастағы жеңісіне 80 жыл. Мерейтойға орай, Мамаев қорғанында Мәңгілік алауға гүл қою рәсімі өтті. Оған Қазақстан делегациясы да барды. Еске салайық, сол соғыстағы ең қанды шайқастың біріне Қазақстанда құрылған 9 дивизия қатысқан. Көзсіз ерлігі үшін 4 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды. "Отан-Ана шақырады" монументінде Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Нұркен Әбдіровке ескерткіш тақта орнатылған. Ал Мамаев қорғанында қаза тапқан қазақстандықтарға мемориалдық белгі қойылған.

Сондай-ақ...