Таиландта ауаның ластануы мөлшерден асып кетті

Таиландта ауаның ластануы мөлшерден асып кетті

Таиландтың көптеген өңірінде ауаның ластануы шекті мөлшерден асып кетті.

Ел астанасы Бангкоктың 30-ға тарта ауданында атмосферадағы зиянды қалдықтар ең қауіпті “қызыл” деңгейге,  200-ге дейін жеткен. Бұл деректерді World’s Air Pollution жариялады. Соңғы деректерге қарағанда ел бойынша 5 аймақта ауаның сапасы тым нашарлаған. Жергілікті билік, демікпе сияқты респираторлық ауруы бар адамдар сыртта жүруін шектеу керек дейді. Тұрғындар қалаларды көк түтін басып, көру және тыныс алу қиындап кетті деп шағымданады. Қазір Таиланд ауасы ең нашар елдердің тізімінде 3-ші тұр. Оның алдында тұрғандар: Кувейт пен Буркина-Фасо мемлекеттері.