Еліміздің әуе қорғанысы пысықталды

Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің оқу-жаттығу жиыны өтті.

Практикалық шабуыл кезінде сарбаздардың әскери және азаматтық инфрақұрылымға жасалған әуе шабуылдарына тойтарыс беру дайындығы тексерілді. Қазір Қазақстан шекарасын цифрлық радиолокациялық станциялармен жабдықталған зениттік зымыран кешендері қорғайды. Бұл қауіптің бетін дер кезінде қайтаруға мүмкіндік береді. Оқу-жаттығуда жауынгерлер пилотсыз ұшатын құрылғылар мен қанатты зымырандарды жою тапсырмасын орындады. Мұндай жиын елде алғаш рет өтті. Қорғаныс министрлігі Қарулы күштері тапсырманы тыңғылықты орындап, жауынгерлер жақсы нәтиже көрсетті деп хабарлайды.

Берік Молдақұлов, әуе шабуылына қарсы қорғанысы бригадасының командирі:

- Бөлімшелердің бәрі өздерін жоғары белестерден көрсетіп, біліктіліктерін көрсетіп түгелдей орындады. Ең асты талаптар әуе шабуылына қарсы күштер болғаннан кейін осындай ұшқыштары жоқ апараттық көліктермен күресу. Сол күресу кезінде уақытылы көздеп, жоғарғы басқару бекееттеріне соның бәрін жоғарыға беріп, бәрін атып түсіру. Бұл мақсаттармен бөлімше командирлері түгелдей өз талаптарына сай барлық жұмыстарын орындады.