Корея толық ай мерекесін атап өтеді
Оңтүстік Корея тұрғындары бүгін Тэборым, яғни толық ай мерекесін тойлайды.
Дәстүрлі шара жыл сайын өтеді. Бұл күні ауыл тұрғындары дастархан жаяды. 5 жарма түрі қосылған ботқа пісіріп, жаңғақ қоспасын әзірлейді. Мереке былтырдан қалған шөпті жағу рәсімімен аяқталады. Диқандар мол өнім сұрайды, жастар өмірлік серігін жолықтыруды тілейді. Кешке қарай адамдар айды бірінші болып көру үшін биікке көтерілуге тырысады. Толық айға қарап, егіннің қандай болатынын болжауға болады. Ақ жарық көп жауын-шашынды, қызыл, құрғақшылық қаупін мағынасын білдіреді екен. Биыл ай аппақ болды.
Ким Ен Гон, Аньян қ. мәдени орталығының директоры:
- Толық ай мерекесі Кореядағы дәстүрлі мейрамдардың бірі. Биыл көптеген адамдар келді, өйткені коронавирус кесірінен кейінгі 5 жылда алғаш рет атап өтіп жатырмыз№ Биыл жемісті жыл болады . Бұл күні біз жыл жемісті деп сенеміз.